$ 447.4  477.55  4.76

Демалыс күндері күн жылына бастайды

Қазақстан аумағының басым бөлігі Сібір антициклонының ықпалында тұрғанымен, тропосферадағы ауа ағындары бағытын солтүстіктен батысқа қарай өзгерте бастады деп хабарлайды Қазгидромет.

Сондықтан алдағы демалыс күндері ауа температурасы көтеріледі. Болжам жасалып отырған кезеңде Орталық Азияға Жерорта теңізінің шығыс аудандарынан қозғалған циклон жылжып келеді. Соған байланысты республиканың оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынды болып, тұман түседі, көктайғақ болады.

Сондай-ақ Қазақстанның батысында да жауын-шашын болады, негізінен, қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, басқа өңірлерге қарағанда, ауа температурасы күрт төмендейді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары