$ 446.49  475.38  4.79

Париж билігі наразылыққа байланысты Эйфель мұнарасының уақытша жабылатынын мәлімдеді

Париж басшылығы 8 желтоқсан, сенбі күні жанармай салығын қымбаттатуға қарсы ереуілдерге байланысты туристер көп баратын Эйфель мұнарасын уақытша жабады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, мэрия ереуіл соңы тәртіпсіздікке ұласады деп қауіптеніп, Елисей алаңындағы дүкендер мен мейрамханаларды уақытша жабуға шақырды. Сенбіге белгіленген барлық қоғамдық іс-шара өткізілмейтін болды деп жазады Азаттық.

Париждегі ондаған мұражай, оның ішінде Лувр мұражайы қарсылық акцияларына байланысты сенбіде жұмыс істемейтін болды. Мұражайлар басшылығы манифестанттар тәртіпсіздік жасап, мұражайды қиратуы мүмкін деп қауіптенеді. Сонымен қатар, мэрия Париждің бірнеше ауданында бизнес иелерінен қосымша қауіпсіздік шараларын жасауды сұрады.

Францияда наразылар биліктен жанармай салығын қымбаттатпауды талап етіп, ереуілдетіп жатқанына үш апта болды. Ереуілдерді «Сарғылт жилет» қозғалысы ұйымдастырып отыр.

Өткен сенбіде Парижде болған демонстрацияға биліктің мәліметінше 75 мың адам қатысты. Демонстрация соңы тәртіпсіздікке ұласып, 130-дан астам адам зардап шекті, 400-ге тарта адам тұтқындалды. Бетперде киген адамдар дүкен сөрелерін қиратып, Салтанат қақпасын зақымдады. Париж мэриясы тәртіпсіздіктерден келген шығынды 3-4 миллион еуро деп бағалап отыр.

Наразылық шерулерінен соң 5 желтоқсанда Франция үкіметі жанармай салығын өсіруге алты ай мерзімге мораторий жариялады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары