Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


10.12.2018, 15:09

«Күйеуі жүргіш еді»: Алматыда 3 баланың анасы отбасылық жанжалдан кейін қаза тапты

Алматыда үш баланың анасы отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналды. 33 жастағы Сайрангүл Лайсқызының туыстары осылай деп отыр. Айтуларынша, әйелді өз күйеуі әбден сабаған көрінеді деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.  

Марқұмның туыстары қыздарының өліміне күйеу баласы - 28 жастағы Ерғалиды кінәлі деп отыр. Олардың сөзіне сенсек, отағасы спирттік ішімдік ішіп, әйелін өлімші етіп сабаған.

«Көзінен, қарақұсы мен желкесінен, құлақ шекесінен жарақаты әлі кетпеген. Асылып өлген деп мойындамай отыр. Егер асылып қалса арқан тамақ арқылы иекке тірелуші еді, ал қылқындырған із өндіршектің тұсында тұр. Жанжалдың шығуына – күйеу баланың үнемі басқа қыздармен жүруі себеп. Сол күні де ішімдік ішкен», - дейді марқұмның туысы Назарбек Сәбенұлы.

Сайрангүл ауыр жарақаттардан кейін ауруханада 1 ай жатқан. Ол бүгін таңғы төрттер шамасында қайтыс болды. Туыстары осы уақытқа дейін полицейлердің іске араласпағанына наразы. Тәртіп сақшылары тек өлім тіркелгеннен кейін ғана төбе көрсетіп, оқиғаның мән-жайымен енді танысып жатыр екен.

Ал, арнамыздың тілшілеріне сұхбат берген Сайрангүлдің күйеуі Ерғали өзін кінәлі санамайды. Ол «сол күні спирттік ішкенім рас, алайда, әйеліме қол көтергенім жоқ» деп ақталып отыр.

«Сол күні сыра ішкенім рас. Бірақ, әйелімді ұрған жоқпын. Болған жайтқа өкінемін, егер мені кінәлі деп тауып жатса кез-келген жазаны көтеремін», - дейді марқұмның күйеуі.

Өзінің айтуынша, әйелін ол жалдамалы үйдің есігіне асылып қалған жерінен тауып алған көрінеді. Бірақ, Сайрангүлдің үстіндегі жарақаттардың қайдан пайда болғанын түсіндіріп бере алмады.

Марқұмның артында кәмелетке толмаған үш баласы қалды. Үлкен ұлы Бейбарыс сегізде болса, ортаншы қыз Шырын алты жаста, ал үйдің кенжесі Уәлихан небәрі 7 айлық.

Қалалық полиция департаментінің өкілдері аталған жайтқа қатысты қосымша ақпарат беретіндерін мәлімдеді.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.