$ 448.89  477.93  4.76

Қызылордадан Астанаға шыққан жолаушылар автобусы тас жолда бұзылып қалды

9 желтоқсан күні 16:15-те Қызылорда облыстық ТЖД-нің құтқару жасағы «Қызылорда – Жезқазған» тас жолында жолаушыларымен жолда қалған автобус жайлы хабарламаны ести салысымен оқиға орнына барды деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖД-нің баспасөз қызметі. 

Автобус Қызылордадан 84 шақырым қашықтықтағы «Қызылорда – Жезқазған» тас жолында бұзылып қалған. Қызылордадан «КамАЗ» және 3 құтқару жасағы жетіп, 10 жолаушыға ыстық шәй мен тіске басар ас жеткізген. 

Жапа шеккендердің барлығы қалаға кері жеткізілді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары