$ 448.15  483.46  4.86

СҚО-да мешіт өртенді

Солтүстік Қазақстан облысында мешіт өртеніп кетті деп жазады Петропавлск.news.

Оқыс оқиға Мамлютка қаласында болған. Қызыл жалын ғимараттың шатырын түгелдей күлге айналдырып, қабырғаларын шарпыды. Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жаудан қайтыс болғандар немесе жарақат алғандар жоқ.

Мешіттің қабырғалары алдымен ағашпен тұрғызылып, кейін сырты кірпішпен өрілген екен. Ал, шатыры толықтай ағаш материалдарымен жабылған. Өрттің дереу лап беруіне осы жағдай себеп болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#өрт #Мешіт #СҚО