$ 449.58  486.94  4.86

«Түркістан-Ташкент» бағытында халықаралық автобус қатынай бастады

«Ташкент-Түркістан» бағытындағы халықаралық автобус Түркістан қаласынан жүре бастады Sputniknews.kz.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, алғаш рет «Түркістан-Ташкент» бағытындағы халықаралық автобус Түркістан қаласының «Алтын Орда» автобекетінен жүре бастаған. Бұл автобус жолаушыларды Өзбекстан астанасы Ташкент қаласының «Ташкент» автовокзалына дейін жеткізеді. 

«Халықаралық автобус бағытын ашудағы мақсат – екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік қатынастарды нығайту. Автобус бағытын қазақстандық «Бақдәулет Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен өзбекстандық «Узавтотранс» мекемесі жүргізеді», — делінген хабарламада. 

Автобус бағытының жалпы қашықтығы  — 335 шақырым, жолға кететін уақыт – 6 сағат 40  минут. Екі бағытта күнделікті 2 автобус қатынайды. Жол ақысы Түркістаннан 2 мың теңге болса, Ташкенттен 50 мың сом мөлшерінде. 

Естеріңізге сала кетейік, қарашаның 15-і күні Шымкентте алғаш рет екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға бағытталған өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Онда туризм саласын дамытуға аса мән берілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары