$ 443.85  474.3  4.8

«500 теңгелік билет»: Мөлдір Әуелбекова концертіне арналған билеттерінің не үшін арзан сатылғанын айтты (ВИДЕО)

«КешYou» тобының бұрынғы солисі Мөлдір Әуелбекова бірінші рет Астанада жеке ән кешін өткізді. Билеттер неге 500 теңгеге сатылды? Бұл туралы әнші 7-арнаға берген сұхбатында айтты. 

Әншіге «Қазақконцерт» бірлестігі қаржылық демеушілік көрсеткеткен екен.

«Мен өзім қазір мемлекеттік қызметкермін. Сол ұйымның қолдауымен өтті. Халықтың көңілінен шығу үшін жасалған дүние. Қымбат деген билет – 3 мың, ең арзаны – 500 теңге», – дейді Әуелбекова Анар Батырханға берген сұхбатында. 

Концертте Мейрамбек Беспаев, Төреғали Төрәлі және Мырзахан Маханов секілді танымал өнер жұлдыздары ән шырқады.

Еске сала кетейік, биыл сәуір айында Мөлдір Әуелбекова «Қазақконцерт» бірлестігінің эстрада бөліміне басшы боп тағайындалған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары