$ 449.3  489.69  4.89

Түркістан облысында ер адамның бетіне түкірген полицей қызметінен босатылды (ВИДЕО)

Түркістан облысында ер адамды мазақ қылған полицей ІІМ қызметкерлерінің қатарынан кетті. Қорлық көрсеткен тәртіп сақшысының жұмыстан қуылғаны жөнінде облыстық полиция департаменті мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

Екі азамат арасындағы кикілжіңнің сәті ғаламтор кеңістігіне тарап кеткен. Бейнежазбада бір ер адам екіншісін соғып, артынша бетіне түкіріп жібергені көрініс табады. 

Анықталғандай, желіде шуға айналған видеода қорлық көрсетіп жатқан азамат Шардара АІІБ ЖПП взвод командирі болып шыққан.

Бұл жағдайды облыстық полиция департаменті де растады.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, бейнежазбадағы полицей қызметтік тексерістен кейін тәртіптік комиссияның шешімімен жұмыстан босатылған.

«Қызметкердің құқыққа қайшы әрекеттеріне қызғаныш себеп болғаны анықталды», - деп мәлімдеді департамент өкілдері.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде ер адамды ұрып, бетіне түкірген полицейдің видеосы тарағанын хабарлаған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары