$ 447.4  477.55  4.76

Қазақ спортшылары антидопинг ережесін бұзғаны үшін тағы шеттелді

Бүгін 13 желтоқсанда Қазақстан ұлттық антидопингтік орталығы (KazNADC) спортшылардың тыйым салынған препраттарды пайдаланғаны туралы сараптама нәтижесін жариялады деп жазады Vesti.kz.

Бұл тізімде үш қазақстандық спортшы бар – Ернұр Қабатаев (еркін күрес), Махамбет Рахмет (дзюдо) және Нұржан Ғаббасов (самбо) Қабатаев төрт жылға шеттелді (2018 17 қыркүйек - 2022 16 қыркүйек).

Ол мекен жайы туралы мәлімет беру ережесін бұзғаны үшін шеттелген. Ол 2016 жылы бір жылға шеттелген еді. Оның қан құрамынан дростанолон табылған еді. 

Қабатаев кадеттер арасында Азия чемпионы (2011 жыл), жастар арасында Қазақстан чемпионы (2013 жыл), жасөспірімдер арасында әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Ересектер арасында өткен Olympia жарысының күміс жүлдегері (2015 жыл), Жасөспірімдер арасында Азия чемпионы (2015 жыл), ересектер арасында өткен Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (2016 жыл), 2015 және 2017 жылдары ересектер арасында өткен жарыста қола жүлдегер атанды. 

Қан құрамынан мельдоний табылған Ғаббасов та төрт жылға (2018 жыл 30 қазан - 2022 жыл 30 қазан) шеттелді. Ал Рахмет болса фуросемид препаратын пайдаланды деген айыппен екі жылға (2018 жыл 14 шілде - 2020 жыл 13 қазан) шеттелді. 

Жыл басынан бері қазақстандық 35 спортшы антидопингтік ережені бұзып, спорттан уақытша шеттелді.

Дереккөз: Тengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары