$ 447.4  477.55  4.76

Астанада пәтерді заңсыз жалға беріп келген алаяқтар ұсталды

Астаналықтарға пәтерді жалға беру кезіндегі алаяқтық жағдайлар туралы ескертілді деп жазады ҚазАқпарат

Астана полиция департаментінің ақпараты бойынша, полиция қызметкерлері пәтерлерді заңсыз беріп келген 20 жастағы Қарағанды облысының тұрғынын ұстады.

«Қарағанды облысының тумасы Астанаға келіп, пәтерді тәулік бойынша жалдаған. Кейін оны ұзақ мерзімге жалға берген. Орта есеппен ол әр пәтерден алаяқтық жолмен 100 мың теңге алып келген. Әйел елорданың түрлі аудандарында баспаналарды жалға беру бойынша 9 алаяқтық іс жасады деген күдікке ілінді», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары