$ 443.85  474.3  4.8

Павлолдарда ер адамды өзінің КамАЗ көлігі басып кетті

Павлодарда ер адамды өзінің КамАЗ көлігі басып кетіп, қаза тапты. Төтенше жағдай Үлкен айналма жолында Успенский көпірінің жанындағы көлік жуу орнында болды деп жазады pavlodarnews.kz.

Жедел жәрдем көлігін көлік жуу орнының жұмысшылары шақырған.

«Бүгін сағат 16:30 шамасында жедел жәрдем қызметкерлеріне хабарлама түсті. 1975 жылғы ер адамнан ауыр жарақат анықталған», – дейді жергілікті Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Анықталғандай, ер адам көлік жуу орнында КамАЗ-ын жөндеп жатыпты. Алайда, көлікті тежегішке қоймаған. Соның салдарынан КамАЗ қозғалып кетіп, жүргізушіні басып кеткен.

«Қазіргі уақытта полиция марқұмның аты-жөнін анықтай алды. Оның Астанада тіркеуде тұрғаны белгілі болды. Қайда жұмыс істейтінін анықтағаннан кейін төтенше жағдай бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі», – деді жергілікті Еңбек мәселелерін реттеу басқармасының басшысы Асқар Қапанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары