Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


14.12.2018, 16:10

Үш педофилге химиялық кастрация жасау туралы үкім шықты

Қазақстанда судьялар үш адамға қатысты химиялық кастрация қолдану үкімін шығарды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ресми сауалға жауап берді деп жазады Tengrinews.kz

Ведомстводағылардың айтуынша, 2018 жылы осы адамдарға қатысты химиялық кастрация негізінде медициналық сипаттағы мәжбүрлі шара қолдану тағайындалу туралы айыптау үкімі шығып, енді заңды күшіне енді. 

Ер адамдар Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Қарағанды облыстарында сотталған.  Шығыс Қазақстан облысында 63 жастағы ер адам көрінеу жас балаларға қатысты жасалған зорлық әрекеттері және жас балаларды зорлау, сондай-ақ жас балаларды азғындық жолға түсіру баптары бойынша сотталған. 

Қызылорда облысында ер адам қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу және жас балаларды зорлауға оқталу бабы бойынша сотталған. Ол ұсталған уақытта жасы 32-де болған. 

Қарағанды облысында ер адам көрінеу жас баланы зорлағаны үшін және көрінеу жас балаларға қатысты жасалған зорлық әрекеттері үшін сотталған. Ол қылмыс жасағанда жасы 29-да болған. 

Химиялық кастрация – бұл жыныстық әуестікті бәсеңдету мақсатында қолданылатын препараттар. Бұл шара кәмелет жасына толмаған балалармен жыныстық қатынасқа түсу қылмыстық құқық бұзушылыққа барған 18 жастан асқан адамдарға қолданылады. 

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.