$ 444.32  473.33  4.76

Тәуелсіздік күніне орай деректі фильм жарыққа шықты

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы Тәуелсіздік күніне орай арнайы жоба - «Желтоқсанның 16 күні» атты деректі фильмді дайындады, деп хабарлайды корпорацияның баспасөз қызметі.

Архив құжаттары мен нақты  деректерге негізделген фильм еліміздің тарихи кезеңі - Қазақстан Респубикасының Тәуелсіздікке қол жеткізуіне арқау болған, 1991 жылдың желтоқсанында орын алған саяси оқиғалар туралы баяндайды. 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің эксклюзивті сұхбатында КСРО мен басқа да кеңестік республика басшылары арасындағы қарым-қатынас, сол кезеңдегі негізгі оқиғалар мен Қазақстанның алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясаттың күрделі міндеттері туралы естеліктерімен бөлісті.  

«Желтоқсанның 16 күні» арнайы жобасының жетекшісі - Дәурен Абаев, фильм авторы - Ерлан Қарин, режиссері - Дмитрий Богомолов.   

Айта кетейік, деректі фильмнің тұсауы 18 желтоқсан күні 21:30-да «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында кесіледі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары