$ 447.4  477.55  4.76

«Қақаған аязда мұзға отырғызды»: Асхат Садырбай хайпқұмарларға желтоқсанның батыр қыздарын үлгі етті

Соңғы кездері жалаңаштанып, ерсі қылық істеп танымал болуға құмар қыздар көбейіп келеді. Осылай деп белгілі тележүргізуші Асхат Садырбай дабыл қағып, оларды ақылға шақырды. 

Журналист Садырбай шешініп емес, ерлік көрсетіп танымал болуға шақырды. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасында батыр да батыл ерліктерімен көзге түскен қазақ қыздарын хаймқұмарларға үлгі етті. 

«Ол қыздар тәнін жалаңаштап xайп жасаудан жарысқан жоқ. Оларды желтоқсанның қақаған аязында мұзға отырғызып қойып су шашты. Ол қыздар Instagram арқылы танымал болып ток-шоуларға барып жұртқа ақыл айтқан жоқ. Олар алаңға әр ұлттың өз көсемі болсын, қазақты қазақ басқарсын деп шықты. Олардың ақылдылығы елдің болашағы үшін алаңдауында еді. Оларды сол үшін оқудан қуып, жатақxанадан шығарып жіберді.

Олар өз елінде еркін тұрып, еркін жүргісі келді, азаттықты аңсады. Олар өзге емес өз тілінде сөйлеп өз ділінде қалғысы келді. Ол қыздар қазақтың қайсар қыздары еді. Қайсарлық мінезден. Ал, мінез ардан, ұяттан, ибадан. Ұят-иманнан! Қыздар, шешіну, жалаңаштану ешқандай ерлік те батылдық та емес! Бейбіт күнде бір-бірлеріңізбен шешінуден жарысуды доғарыңыздар! Заманды кінәлаудың қажеті жоқ. Ақыл, білім, тәрбиеде мәселе!», – деп жазды тележүргізуш желідегі парақшасына. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары