$ 443.85  474.3  4.8

БҚО-да жол апаты болып, 7 адам жарақат алды

Батыс Қазақстан облысында қос автокөлік түйісіп, жеті адам жарақат алды деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаменінен алынған мәліметке қарағанда, жол апаты 15 желтоқсан күні кешкісін сағат 20.07-де Орал-Саратов жолының 14-шақырымында орын алды.

«Фольксваген Пассат» және «ВАЗ-2107» автокөліктері соқтығысты. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар (4 қызметкер, 1 көлік) автокөлікте қысылып қалған 1992 жылғы жүргізушіні босатып алды. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылағанындай, оқиға орнында 3 жедел жәрдем бригадасы жұмыс жасады. 

Жол апаты салдарынан 1967, 1994, 1992 жылғы ер адамдар, 1995 жылғы екі жігіт, 2002 жылғы бозбала және 1997 жылғы келіншек түрлі жарақатпен қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуі амбулаторлық ем алуға жіберіліп, қалғаны ауруханаға жатқызылды. Бәрінің жағдайы орташа. 

Еске сала кетейік, сол күні көктайғаққа байланысты жолдардың жабылғанын жазған болатынбыз.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары