$ 447.4  477.55  4.76

Жылжымайтын мүлік иелері енді үйден шықпай-ақ адамдарды тіркеуден алып тастай алады

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы «Тұрғын үй иесінің өтініші бойынша тұрғылықты жердегі тұрақты және уақытша тіркеуден азаматтарды алу» туралы жаңа мемлекеттік қызметті іске асырғандарын хабарлайды.

Енді әрбір меншік иесі үйден шықпастан, өз пәтерінде тіркелген азаматты тұрақты немесе уақытша тіркеуден шығаруға мүмкіндік алады.

Ол үшін eGov.kz порталына кіріп, қызметті таңдап, оның мүлкі орналасқан аймаққа өтсе болғаны. Сондай-ақ өтінішті растау үшін Үкіметтің азаматтарға арналған кеңселеріне (ХҚКО) хабарласудың қажеті жоқ.

Қызмет нәтижесін «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен табуға болады.

Дереккөз: NewTimes.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары