$ 447.4  477.55  4.76

Балқашқа батып кеткен көліктен балықшының мәйіті табылды

Балқаш көлінде құтқарушылар екі күн іздеп, мұз астына түсіп кеткен көлік пен жолаушыны тапты деп хабарлайды Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті.

«ВАЗ-2106» көлігі 20 желтоқсанда Қаратал ауданы Қарақұм ауылына жақын жерде мұз астына түсіп кеткен. Көлік салонында екі жергілікті тұрғын болыпты, біреуі аман қалды.

«Мұз астында қалған ер адамды қатты аязда екі күн бойы іздеген. Көлік жағалаудан екі километр жерде мұз астына түсіп кетіпті. Ақыры соңында сүңгуірлер көлікті тауып, балықшының денесін алып шықты. 1964 жылы туған ер адам Қарақұм ауылының тұрғыны», — деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиғаға ер адамдардың қауіпсіздік шарасын ескермеуі әкеп соқтырған.

«Адам үшін қауіпсіз мұз қалыңдығы 10 сантиметрден кем болмауы тиіс, ал көлікпен жүру үшін – кемінде 30 см. Бұл жағдайда мұздың қалыңдығы небәрі 25-27 сантиметр. Іштегі адамдар құтқару жилетін кимеген», — деп мәлімет берді баспасөз қызметі.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары