$ 449.58  486.94  4.86

Оралда 10 жастағы оқушы дене шынықтыру пәнінен кейін қайтыс болды

Қайғылы жағдай 25 желтоқсан күні Асан ауылындағы орта мектепте болған. Оқушының сыныптастары марқұмның дене шынықтыру сабағында жағдайы нашарлай бастағанын айтады Uralskweek.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаны растап отыр.

«Жедел жәрдем хабар түскеннен кейін 5 минуттан соң жеткен. Баланың жағдайы өте ауыр болған. Дәрігерлер дереу жақын маңдағы ауруханаға жеткізгенімен оның өмірін сақтап қала алмады», – дейді Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Дәрігерлер баланың неден қайтыс болғанын айтпай отыр. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі сот-медициналық сараптамасының қорытындысы шыққаннан кейін ғана барлығы мәлім болады дейді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары