$ 447.4  477.55  4.76

Астанада өртенген жатақханадан 30 адам құтқарылды

Астанада Байқоңыр ауданындағы Айнатас көшесінде үш қабатты тұрғын үйден өрт шықты деп хабарлайды ҚР ІІД Төтенше жағдайлар комитетінің өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Үшінші және төртінші қабаттағы ағаштан жасалған баспалдақты жалын шарпыған. Өрт аумағы 10 шаршы метрді құрайды. Тілсіз жау сағат 16:25 шамасында сөндіріліп біткен.

Өрт сөндірушілер тұрғын үйден 30 адамды құтқарды, оның 12-сі балалар. Зардап шеккендер жоқ. 

Өрттің шығу салдары анықталуда. 

Дереккөз: Newtimes.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары