$ 443.85  474.3  4.8

Түркістан – Шымкент жаңа теміржол бағыты ашылды

2019 жылы 4 қаңтарда Түркістаннан «Түркістан-Шымкент» бағыты бойынша бірінші пойыз шығады деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.  

Осы бағыттағы пойыздар аптасына екі рет (дүйсенбіде және жұмада) шығады. Жолда пойыздар 2 сағат 15 минут жүреді. Пойызда 175 орын бар, заманауи жылыту жүйесімен қамтылған, ауаны желдетіп отырғатын және көтергіш құрылғы мен арбада отыратын мүгедек жандарға арналған орындармен қамтылған.  

Баспасөз қызметінің өкілдері пойыздардың шығуын Шымкентке республикалық маңызы бар қала дәрежесінің берілуімен және Түркістан облысының құрылуымен байланыстырады. Бірінші состав 2019 жылы 4 қаңтарда Түркістан вокзалынан шығады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары