$ 445.66  474.58  4.78

Астана мен төрт облыста дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана, Шымкент қалалары мен Түркістан, Жамбыл және Ақмола облыстарында дабылды ескерту жариялады деп жазады Sputniknews.kz.

30 желтоқсан күні түнде Түркістан облысының кей жерлерінде  жауын-шашын мол түседі. Тәулік бойы кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде екпіні 25 м/с жетуі мүмкін. 

30 желтоқсанда түнде және таңертең Шымкент қаласында батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

 30 желтоқсанда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

30-31 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады, оңтүстік-батыс, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары