Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


04.01.2019, 17:17

Қоғамдық даму министрлігінің комитет басшысы үй қамауына алынды

ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитетінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Астанада брифинг барысында Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин мәлімдеді деп жазады Tengrinews.kz

«Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының департаментінің қызметкерлері ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитетінің басшысын ұстады. Ол экономика және қаржы комитетінің басқарма басшысының көмегімен 1,9 миллион теңге пара алып, ведомствоның қарамағындағы ұйымдардың қосымша қаржыландыруы туралы уәде берген», – деді Арман Бердалин. 

Оның айтуынша, комитет басшысы кінәсін мойындаған. Сот оны үй қамағына алу туралы шешім шығарған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. 

Сондай-ақ, Бердалин сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы мәдениет және спорт министрлігіне қарасты « Велосипед спортына дайындық орталығы» РМҚ басшысына қатысты қылмыстық тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 

 

«Ол орталықта жұмыс істемген адамдарға жалақы ретінде қаражат аударып отырған, сондай-ақ заңсыз сыйақы төлеп отырған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасып жатыр», – деді ол. 

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.