$ 449.58  486.94  4.86

«Жатырыма қайшыны тығып жіберді»: Алматы облысында зорланған бойжеткен гинекологтың сұмдық әрекетін айтты

Алматы облысында өткен жылдың мамыр айында зорланған бойжеткен сұмдық жайтты айтып берді. Оның оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалғаннан кейін зорлау фактісін анықтау үшін процедура жасалған. Сол кезде жәбірленушіні гинекологиялық құралмен тексермек болған дәрігер оның әйелдік органдарын зақымдаған деп хабарлайды 31 арна.

Бойжеткеннің сөзінше, өткен жылдың мамыр айында үйіне отбасының танысы болған ер адам қонаққа келген. Бұл кезде ата-анасы үйде болмапты. Ешкімнің жоғын пайдаланған ер адам қызды зорлап тастаған. Артынша бойжеткен телефон арқылы әкесіне хабарласып үлгерген. Мұнан кейін күдікті қолға түсті. Алайда қылмыстық іс бұрмаланып, күдікті әлі күнге дейін қамалмаған. Ол аздай, жәбірленушінің айтуынша, қыз зорлау дерегін анықтау кезінде дәрігер оның жыныс органдарына зақым келтірген.

«Учаскелік инспектор қарап тұрды. Мен ұялатынымды айтып, оның шығып кетуін сұрадым. Сол кезде дәрігер айқайлай бастады. «Шықпайды ол, көрсін», – деді. Сол процедурадан кейін денсаулығыма зақым келді. Осы күнге дейін ауырып жүрдім. Темір ұзын қайшымен жатырымның арғы жағына дейін үш рет қатты тығып жіберді. Содан 5 күн бойы қан тоқтамады», – дейді жәбірленуші.

Таяуда Іле аудандық ішкі істер бөлімі жәбірленушіден дәрігердің әрекетінің салдарынан алған жарақатына қатысты жауап алыпты. Онда да «Не молчи. КЗ» тобы бұл мәселені әлеуметтік желіде көтергеннен кейін ғана полиция қозғала бастапты, дейді қоғамдық қозғалыс жетекшісі.

«Қылмыстық істен гинекологтың жәбірленушіні қарағаны туралы құжат жоғалып кетті. Ол дәрігер: «Психикалық ауруханада есепте тұрмайсың ба? Неге лассың? Жуына алмайсың ба?» – деп сұраған. Зорланған, қорлық көрген қызға осылай дөрекілік танытқан. Сәуле гинекологтың медициналық құралдармен денесін одан әрі зақымдағанын айтты. Содан кейін 5 күн бойы қан кетіп ауырған», – дейді «Не молчи.КЗ» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Дина Таңсәрі.

Алматы облыстық полиция департаментіндегілер оқиғаға қатысты жабылған істің қайта ашылғанын айтты. Ендігі бұл іс Алматы облыстық ішкі істер департаментінің тікелей бақылауына алынады.

«Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Себебі Алматы облыстық ПД-ның прокуратураға жолдаған өтініші негізінде істі қысқарту туралы қаулының күші жойылды. Іс бойынша тергеудің жан-жақтылығын, толықтығын, объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сотқа дейінгі тергеу амалдарын облыстық тергеу басқармасы өз өндірісіне алды», – дейді Алматы облыстық ПД баспасөз хатшысы Серік Үпиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары