$ 446.49  475.38  4.79

ЭКСПО-ға келіп, қазақтан сәби сүйген африкалық әйел қазір қалай тұрып жатыр?

Конгодан Қазақстанға келіп, сәби сүйген Моника Камукендж Камганза «Аналар үйіне» орналастырылды, деп хабарлайды осы жас әйелге қамқор болған «Қорғау Астана» қорының жетекшісі Анна Рыль.

Естеріңізге сала кетсек, 27 жастағы Моника Астанаға «ЭКСПО-2017» көрмесінде жұмыс істеу үшін келген. Алайда осы кезде Қазақстанда жүруіне рұқсат беретін құжаттарына қатысты қиындық туындайды. Оның үстіне әйел сәбиін жергілікті азаматтан босанғанын айтады. Енді бар қиындықтарымен жалғыз өзі қалып отыр.

Әйелге перзентханада босану үшін ақша төлеуге көмектесті. Блессинг (ағылшын тілінен аударғанда Құдай берген деген мағынаны білдіреді) атты қызы екеуі "Қорғау Астана" қорының қамқорлығында болды.

«Бүгін Мониканы біздің орталықтан аналар үйіне шығарып салдық. Ол сол жерде алты айға дейін тұра алады. Осы үшін серіктестеріміз «Аналар үйі» қорына алғыс айтамыз. Моника бізде маусым айынан бастап тұрды. Өкінішке қарай, бізде қордың мүмкіндіктері шектеулі. Оның үстіне қазір жылдың басы. Сондай-ақ, біз халықаралық Қазақстанға қоныс аудару ұйымына алғыс айтамыз. Олар бізге перзентханаға ақша төлеп, бастапқыда күтім жасауға және сәбиге керектіні сатып алуға көмектесті», — деп жазды қор басшысы Анна Рыль өзінің Facebook парақшасында.

Дереккөз: Alashainasy.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары