$ 448.15  483.46  4.86

Шымкентте жүкті әйелдің өтінен 50 тас алынды

Шымкенттік дәрігер Талғат Шәуенов өте күрделі операцияны сәтті өткізіп, жүкті әйелдің өтінен 50 тас алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Өз ісінің білгір маманы жүкті әйелдің денсаулығына төнген қатердің алдын алып, оның аман-есен босануына демеу болды. 

«Сәби алдымен кесарь тілігімен алынды, біз өтінің жүру кезеңін қамтамасыз еттік. Екінші сатыда пациент пен оның туыстарының келісімі негізінде бірлескен операция жасадық», - деді Талған Шәуенов.

Айта кететін мәселе ағзасында 50 тасымен жүрген әйел 12 жылдан бері дүниеге нәресте әкелуді арман еткен. Ақырында жүктілігінің сәтті өтетіндігіне деген сенімі ақталып, Шымкент тұрғыны өзінің тұңғышын дүниеге әкелді. 

Талғат Шәуенов № 1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері. Жалпы медицина бағыты бойынша өзінің 28 жылдық қызметінде ол 5 мыңнан астам операция жасаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары