$ 448.89  477.93  4.76

«Шашын үнемі бояп жүреді»: Экстрасенс Мақпал Жүнісованың қымбат әшекейін кім алғанын айтты

Жақында ғана «Ән мен әнші» жобасынан кейін қымбат әшекейін жоғалтқан Мақпал Жүнісова желідегі парақшасына өкпесін жазған болатын. Белгілі экстрасенс «Астана» телеарнасынан шығатын «Ел аузында» бағдарламасында ұрының түрін түстеп берді. 

Экстрасенс-психолог Назгүл Ермекқызы 30 мың доллар тұратын әшекейді өнердегі әйел адам алды деп болжап отыр. Тіпті оны сипаттап та берді. 

«Бұл кісі өзі де сезеді кім алғанын. Енді алған адам 30-35 жастағы арықтау келген. Шашын үнемі бояп жүреді. Ол қызға қатты қаражат керек болған. Алайын деп алмаған. Қаражаттан қиналғаннан, мәжбүр болған», - дейді Ермекқызы.

Экстрасенс әшекейдің 7 ай ішінде иесіне қайта оралуы мүмкін дейді.  

«Дәл қазіргі уақытта ол қыз «Өткізейін бе»  деп ойланып жүр. Ол қыз әшекейді алғаннан кейін өзі де қысылып қалған», - деді Назгүл Ермекқызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары