$ 447.4  477.55  4.76

Шымкентте 9 жастағы қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Шымкентте «9 жасар қызды зорлаған» деген күдікпен Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Бұл туралы 15 қаңтарда Шымкент қалалық полиция департаменті хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, ішкі істер министрлігі мен қалалық полиция департаменті қызметкерлерінің бірлесіп жүргізген жедел-тергеу іс-шаралары барысында 5 қаңтар күні Шымкентте кәмелетке толмаған қызды зорлады» деген күдікті анықталып, ұсталған.

«Күдікті – Алматы қаласының тұрғыны. Ұсталған азаматтың қылмысқа қатысы барын куәлер мен жәбірленушінің өзі растады» делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін полиция 5 қаңтарда Шымкент тұрғыны кәмелет жасына толмаған қызын «әлдекімнің зорлағаны» туралы арызданғанын, оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «зорлау» бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлаған.

Шымкент қаласының прокуратурасы былтыр кәмелет жасына толмаған балаларға жасалатын жыныстық сипаттағы қылмыс саны күрт өскені туралы мәлімдеген. Прокуратураның ақпараты бойынша, былтыр 2017 жылмен салыстырғанда бала зорлау қылмысының саны 18-ден 43-ке дейін көбейген.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары