Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


16.01.2019, 18:00

Жаңаөзенде халал деген жазуы бар шұжықтан тірі құрт шықты (ВИДЕО)

Жаңаөзен қаласының тұрғыны дүкеннен сатып алған шұжығынан тірі құрт алды. Ол оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратып жіберген деп жазады ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде тараған «шұжықтан тірі құрт шықты» деген видео жұртшылықтың жиіркенішін туғызған болатын. Жаңаөзендік тұрғын баласына берген шұжықтың ішінен ұзындығы 2-3 см болатын тірі құрттың жыбырлап жүргенін аңғарып қалған.

Ол видеода шұжықтың «Особая» деп аталатынын айтып, абай болуға кеңес береді. Тіпті, қаптамада «xалал» деп жазылып тұрғанын айтып, таңданған.

Дегенмен, дін өкілдері «Халал Даму» ЖШС ҚМДБ-ның рұқсатымен мекемелер мен кәсіпорындарға арнайы сараптама жүргізіп, сертификат береді. Діни басқарманың арнайы логотипі тұрғанына көз жеткізіп, соған баса назар аударған дұрыс» деп отыр.

Ал, Жаңаөзен қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мамандары «тұрғындардан арыз-шағым түспесе, қай сауда нүктесі екенін анықтау қиын» дейді. Әйтсе де, видеоны әлеуметтік желіге жүктеген нөмір иесін ПБ арқылы анықтап, сауда нүктесін білуге әрекеттеніп жатқандарын жеткізді.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.