$ 449.58  486.94  4.86

II Елизавета патшайымның 97 жастағы жұбайы жол апатына ұшырады

II Елизавета патшайымның зайыбы  Филипп жол апатына ұшырады деп жазады ВВС.

Абырой болғанда, 97 жастағы Эдинбург герцогы Норфолк графтығындағы Сандрингес корольдігіне жақын маңда болған оқиғадан зардап шекпеген.

Букингем сарайы хабарлағандай, апат орнында  тағы бір көлік болған. Полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Филипп Range Rover көлігін өзі тізгіндеген. Келеңсіз жағдай А149 тасжолына шығар кезде болған. Куәгерлердің айтуынша, апат салдарынан герцогтың көлігі аударылып кеткен. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары