Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


18.01.2019, 11:47

Қостанай облысынан келген бойжеткенді Астанада көлік қағып, белгісіз жерге алып кеткен

Қостанай облысы Денисов ауданының тұрғыны Сабина Жүнісбекованың ата-анасы мен 26 жастағы ағасы бойжеткеннің Астанада із-түссіз жоғалып кеткенін айтады. Сабина елордаға жұмыс іздеп келіпті деп жазады Alau.kz.

Бойжеткен отбасымен жиі хабарласып тұрған. 16 қаңтар күні әкесіне қызының телефонынан белгісіз әйел хабарласып, Сабинаны көлік қағып кеткенін, дәл қазір дәріханада екенін жеткізген. Ал куәгерлер қыздың заттарын жинап жүргенде көлік бойжеткенді белгісіз жерге алып кеткен. 

Содан әлі күнге хабар жоқ. Туыстарының айтуынша, жол апаты 16 қаңтар күні кешкі сағат 21:00 шамасында Алматы-Мәңгілік ел көшелерінің қиылысында болған. 

Сабина Жүнісбекованың туыстары бойжеткен жайлы қандай да бір ақпарат білетіндерге 8 705 452 01 89 немесе 102 пультіне хабарласуын өтінеді. 

 

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.