$ 448.15  483.46  4.86

Алматыда тікұшақтың құлауына себеп болуы мүмкін нұсқаулар аталды

Алматыда Sky Service әуекомпаниясы тікұшағының құлауына үш себеп болуы мүмкін. Бұл туралы ҚР ИДМ Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тергеу басқармасының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов айтты деп жазады Тengrinews.kz.

Оның айтуынша, ұшақ сағат 16.08-де құлаған. Ал ұшқыш соңғы рет байланысқа сағат 16.05-те шыққан. Жұмасұлтанов қазіргі уақытта апат болған жерде тергеу шараларының жүргізіліп жатқанын айтты.

«Үш нұсқа қарастырылып жатыр. Техникалық ақау, адамдық фактор (ұшуды басқарудағы қателіктер) және қолайсыз ауа райы. Әзірше осы үш нұсқа. Өздеріңіз көрдіңіздер ғой, тұман болды: 150 метр жерге дейін жол көрінбеді», – деді Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тергеу басқармасының басшысы.

Жұмасұлтанов тікұшақтағы нысанды бақылау құралдары ақаусыз дұрыс жұмыс істеп тұрғанын айтып өтті.

Еске салайық, кеше, 17 қаңтарда Алматыда шипажай аумағына тікұшақ құлағаны хабарланған болатын. Апаттан 1968 жылғы ұшқыш Шитов Валентин қаза тапқан еді. Ол Боралдай әуежайынан шығып Үлкен Алматы көліне ұшып бара жатқан кезде құлаған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары