$ 448.15  483.46  4.86

ШҚО-да көлік мұз астына кетіп, 5 жасар қыз қайтыс болды

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында екі ересек және үш бала отырған көлік суға түсіп кеткен. Соның салдарынан бес жасар бала өлген деп жазады Азаттық Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдай жөніндегі комитетіне сілтеме жасап.

Комитеттің айтуынша, оқиға 18 қаңтарда кешке болған. Көлік Бұқтырма су қоймасы маңындағы жолсыз жермен жүрген.

Ерлі-зайыптылар мен оның үш баласының екеуі ғана судан өздігінен жүзіп шыға алған. Ал кішкентай қыздың денесін құтқарушылар бірнеше сағаттан соң тапқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары