$ 444.32  473.33  4.76

ШҚО-да жұмысына шыққан бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті

Жарма ауданында жұмысына кетіп, із-түссіз жоғалып кеткен бойжеткенді іздестіріп жатыр деп жазады Алтайньюс.

Қалбатау ауылының тұрғыны Айнұр Семсенова 14 қаңтар күні сағат 15.00 шамасында үйінен жұмысына қарай шығып кеткен. Алайда жұмыс орнына сол бойы жетпеген екен.

Бойжеткеннің хабар-ошарсыз кеткеніне алты күн болды. Айнұр Семсенова туралы қандай да ақпараттарыңыз болса, келесі телефон нөмірлері бойынша хабар берулеріңізде сұраймыз:  +7 747 349 57 17, немесе 102.

Ерекше белгілері: бойы 165-170 сантиметр, бетінде үлкен меңі бар. Жоғалған күні үстіне қою көк түсті күртке мен бас киім, аяғына қара түсті етік киіп жүрген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары