$ 444.32  473.33  4.76

Қызылорда облысының әкімі үш басқармаға жаңа басшы тағайындады

Қызылорда облысында үш басқарманың басшысы тағайындалды деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Қырымбек Көшебаевтың өкімімен «Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Абсұлтанов Қайрат Байғабылұлы тағайындалды.

Сондай-ақ облыс әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы лауазымына Абатов Жасұлан Уәлиұлы тағайындалды.

Ал Индира Сансызбайқызы Ақжігітова Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары