Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


23.01.2019, 12:01

Қорғас шекара бекетінен сіңлісінің құжатымен өтпек болған 37 жастағы әйел ұсталды

Қорғас шекаралық бақылау жасағының аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығына бөтен құжатпен кірмек болған 37 жастағы қазақстандық азаматша ұсталды. Бұл туралы ҰҚК шекара қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Тексеруге ұсынған құжаты бойынша 1985 жылы туған Шолпан, бір қараған адамға ешқандай күдік келтірмейтін еді. Түр-әлпеті құжаттағы суретке келіңкірейді. 

«Шекарашылардың күдігі расқа айналды. Шекарашылармен 33 жастағы Шолпан болып танысқан келіншек, шын мәнінде оның 37 жастағы туған әпкесі Айман болып шықты (есімдері өзгертілген)» делінген хабарламада. 

Бөтен құжат көрсетуінің себебі - оған елден шығуға тыйым салынған екен. Бұл жайында ішкі істер органдарына хабарланды. 

Осы тексеру пунктінің шекарашылары кеше кешкілік сағат 18:30 шамасында орталықтың аумағын аралап жүріп автокөліктер тұрағының маңынан 8 қорапқа салынған, жалпы салмағы 180 кг-ға жуық Қытай дәрі-дәрмегін тауып алды. Ешқандай құжатсыз жүктің, әдеттегідей, иесі табылған жоқ. 

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.