$ 446.49  475.38  4.79

«Ұялмаймын»: Ақбота Керімбекова бояусыз түрін көрсетті

3 рет тұрмысқа шығып үлгерген эстрада әншісі Ақбота Керімбекова әлеуметтік желіге бояусыз түскен суретін жүктеді. 

«Менің шынайы (макияжсыз) түрімді көргісі келетіндерге… Шынайы болуға қорықпаймын да, ұялмаймын да. Бар болмысым осы, шүкір. Апта басы, күндеріңіз сәтті болсын», – дейді Керімбекова.

Желі қолданушыларының бірі әншіні табиғи сұлу десе, енді бірі танымай қалғандарын жазған. 

«Өзіңіздің шынайы түріңіз сүйкімді екен», «Сұлусыз», «Масқара. Макияждың құдіреті сұмдық иә. Көшеде көрсем танымас едім», – дейді желі қолданушылары. 

Айта кетсек, танымал әнші осыдан 2 жыл бұрын ғана өзінен 9 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан болатын. Әншінің бұрынғы некесінен 3 баласы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары