$ 448.15  483.46  4.86

Қызын көтеріп ап алып қашқан күйеу бала сүйіктісін көлікке жеткенше 2 рет құлатып алды (ВИДЕО)

Видеоны әлеуметтік желі қолданугылары қызу талқылап жатыр деп жазады life.ru. 

«Кавказская пленница» атты комедия жанрындағы фильмдегідей қыз алып қашпақ болған 2 кавказ жігіті желіде «жұлдыз» болды.  Кадрда 2 ер адам сауда үйіне кіріп бара жатқан қыздың басына қапшық кигізіп, көтеріп ап қаша жөнеледі. Сүйіктісін көлікке қарай әкеле жатқан жігіт бойжеткенді жолда 2 рет құлатып алады. 

Владикавказда болған бұл оқиғаны желі қолданушылары қызу талқылап жатыр. 

«Жігіттер, ұялмайсыңдар ма? Қыздың жағдайы қалай екен? Үйге жеткендегі видеосымен бөлісіңіздерші», «Күлкілі, бір жағынан аянышты», - деп жазды желі қолданушылары. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары