Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

29.01.2019, 10:39

Қарағанды облысында өртенген үйден сәбидің мәйіті табылды

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында өртенген пәтерден 4 жасар бүлдіршіннің мүрдесі табылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты деп жазады ҚазАқпарат.

«29 қаңтар күні сағат 05.22-де Қарағанды облыстық ТЖД «101» пультіне Сәтбаев қаласының Байқоңыров көшесі бойындағы екі қабатты тұрғын үйдің өртеніп жатқандығы туралы хабар түсті. Өрт бірінші қабаттағы пәтерден шығып, қызыл жалын 8 шаршы метр аумаққа тараған. Сағат 05.52-де өрттің алды алынып, 06.12-те толық өшірілді. Өрт орнынан 2015 жылы дүниеге келген қыздың күйген мүрдесі табылды», - деді ресми өкіл.

Оның дерегінше, өрт салдарынан күйік шалып, иіс тиіп  уланған 30 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды. Оттың тұтану себебі анықталып жатыр. Тілсіз жауды сөндіруге Қарағанды облыстық ТЖД жеке құрамының 22 маманы мен 6 техникасы жұмылдырылды.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.