$ 498.51  522.84  4.81

Қарағандыда ер адам көшеде қайтыс болып кетті

Қарағандыда ер адам ондаған адамның көз алдында мерт болды. Оның аялдамада сұлқ түсіп жатқанын көрген бір куәгер полиция шақырған.

Алиса Войташенко ер адамның жанынан өтіп кете алмаған. Жедел жәрдем мен полиция шақырған. Олардың келгенін күтіп, 40 минуттай аялдап қалған, деп хабарлайды 31 арна.

«Полиция 40 минут өткен соң келді. Бұл кезде ер адам өлі күйде болды. Оны бәрі мас болып жатыр деп ойлады», – дейді куәгер.

Алдын ала болжам бойынша, ер адамның қаны ұйыған. Адамның қаны ұйығанда оны мас адамнан ажырату қиын. Мұндайда дереу дәрігер шақыру керек дейді жедел жәрдем қызметкері.

«Мұндай жағдайда автобус жүргізушісі көлікті тоқтатып, адамдарды сыртқа шығарып, дереу 103-ке хабарласуы керек. Адам қаны ұйығанда мас адам секілді күйде болады. Оны ажырату қиын», – дейді облыстық жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі Айнагүл Жаманова.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары