$ 447.4  477.55  4.76

Павлодар облысында ысты газдан бір отбасы көз жұмды

Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылында тілсіз жау бүтін бір отбасының өмірін қиып кетті деп жазады pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті.

«Ысты газдан улану салдарынан Бекбатыровтар отбасынан төрт адам - ата-анасы мен 4 және 7 сыныптарда оқитын екі бала қаза тапты», – дейді департаментте.

Алдын ала болжам бойынша, өткен түні пештен ақау шыққан. Күні бойы отбасынан ешқайсысы байланысқа шықпаған соң сағат 21.00-де туыстарының бірі Бекбатыровтардың үйіне барған кезде есік ішінен жабық тұрған.

Ер адам есікті бұзып кірген кезде отбасы мүшелерін тіршілік белгілерісіз жатқан күйінде тапқан.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қайтыс болған отбасының туыстарының отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары