$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде тоқ соғып, екі қолынан айрылған балаға үй беретін болды

Жергілікті билік өкілдері Фаткулиндер отбасының баспана мәселесін шешіп беретін болды деп жазады  diapason.kz.

Шалқар ауданының әкімшілігі 1 ақпанда Дамир Фаткулиннің інісін Шымкенттегі 20 күндік лагерьге жібергендері туралы хабарлады. Бұдан бөлек олар, көпбалалы отбасының баспана мәселесін шешуге уәде берді.

Дамирдің отбасы оның мүгедектігі үшін және көмек ретінде ай сайын 135 мың теңге жәрдемақы алады.

«6 ақпан күні Сапарбаев Шалқарда халыққа есеп берді. Сол кезде мен бізге баспана беру туралы әр жерде айтылғанын және оны өзімізге хабарламағанын жеткіздім. Сол кезде Сапарбаев әкімді шақырып, бізге жеке үй беретіндерін мәлімдеді. Ол Дамир ұмыт қалмайтынын және оған әрдайым мемлекеттен көмек болатынын айтты», – дейді баланың анасы.

Еске салсақ, 2018 жылдың 5 қазан күні Шалқардағы №2 мектеп-гиназиясының 4-сынып оқушысы Дамир Фаткулин білім ордасының маңындағы трансформатордың тоғына түсіп қалған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары