$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда 24 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Алматыда 24 жастағы жігіттің туыстары оның жоғалып кеткені туралы полицияға арыз жазған деп хабарлайды «NewTimes.kz».

6 ақпан күні Әлихан Қапанов Өтепов және Розбакиев көшелерінің қиылысындағы үйінен сағат 16:30 шамасында шығып кеткен.

«Қайда кеткені белгісіз. Телефоны да сөндірулі тұр. Үйдің кілтін өзімен бірге алып жүретін. Ал бұл жолы кілтті тастап кеткен», - дейді жігіттің туыстары.

Туыстарының айтуынша, Әлихан қайда кетсе де және кешігіп жатса әруақытта ата-анасына ескертіп отыратын болған.

Сол күні ол үстіне көк куртка және қара шапка мен джинсы шалбар киген екен.  Бойы -180  см.

Әлиханның жақындары егер оны көргендер болса, дереу полицияға немесе + 7 701 235 17 19 телефон нөміріне хабарласуларын сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары