$ 448.15  483.46  4.86

Ақтөбе облысында Өзбекстанның 54 азаматы қақаған аязда далада қалып қойған

Ақтөбе облысы аумағында «Самара-Шымкент» жолы бойында жолаушылар автобусы бұзылып, жолда тұрып қалған. Автобус ішінде 54 Өзбекстан азаматы мен 3 жүргізуші болған деп хабарлайды Хабар-24.

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Жолаушылар сол маңдағы Сарытоғай ауылына жеткізіліп, кемпингке орналастырылған. Зардап шеккендер жоқ. Медициналық көмекті қажет етпеген. Облыстық төтенше жағдайлар қызметі қажетті көмек көрсетіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары