Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

12.02.2019, 17:31

Түркия билігі Гүленге қатысы бар деген мыңнан аса адамды қамауға шешім шығарды

Азаттық

Түркия билігі АҚШ-та тұратын діни қайраткер Фетхулла Гүленнің қозғалысымен байланысы бар деген күдікпен бір мыңнан астам адамды тұтқындауға шешім шығарған. CNN Turk телеарнасының дерегінше, күдікке ілінгендердің көбі Анкарада тұрады, бірақ елдегі 76 провинциясының барлығында полиция операциясы жүргізілген деп жазады Азаттық.

2016 жылы шілдеде Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғандардың әрекеті сәтсіздікке ұшырағаннан кейін елде 80 мыңнан астам адам тұтқындалып, 150 мың мемлекеттік қызметкер мен әскерилер жұмысынан айырылған. Президент Режеп Ердоғанды сынаушылар билік іске аспай қалған бүлікті өзге пікірдегі адамдарды басып-жаншу үшін сылтау етіп пайдаланды дейді.

1999 жылдан бері АҚШ-та тұратын Фетхулла Гүлен 2013 жылға дейін Режеп Ердоғанмен жақын байланыста болған, кейін екеуі араздасып қалған. Түркия билігі Гүленді 2016 жылы әскери төңкеріс жасамақшы болды деп айыптап, АҚШ-тан оны беруді бірнеше рет талап еткен.

Фетхулла Гүлен бүлікке еш қатысы жоғын айтып, Анкараның таққан айыптарын жоққа шығарады.

Түркия билігі соңғы екі жылда Гүленнің «Хизмет» қозғалысына қатысы бар деген күдікпен қамауға алған мыңдаған адамның арасында саясаткерлер, судьялар, әскерилер мен қоғам қайраткерлері бар.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.