$ 444.32  473.33  4.76

Ташкентте студент қыз хиджаб кигені үшін оқудан шығарылған

Ташкент соты Халықаралық ислам академиясынан оқудан шығып қалған 19 жастағы студент Луиза Муминжонованың шағымын негізсіз деп тапты деп жазады centralasian.org.

Муминжонованы 140 сағат дәріске қатыспағаны үшін оқудан шығарылды делінген. Студент расында оқуға бармаған, себебі басшылық ғимаратта хиджаб киюге тыйым салған. Ол оқу орнының әрекетін заңсыз деп табу жөнінде сотқа шағым түсірген.

Сот Муминжонованы оқу орнының ішкі тәртібін бұзды деп таныған.

Халықаралық ислам академиясының студенттеріне хиджаб киюге былтыр қыркүйек айынан бастап тыйым салған. ЖОО академияның киімге байланысты кодексі бар дейді: хиджаб ғана емес, тар шалбар, қысқа белдемше киюге тыйым салынған.

Халықаралық ислам академиясы Өзбекстанда 2018 жылдың сәуір айында ел президенті Шавкат Мирзияевтің жарлығы бойынша құрылды.

Оқу орны ислам тарихын, ислам құқығын, ақида, сопылық ілімді зерттейді. Сонымен бірге ислам экономикасына ден қойып, араб, парсы, ағылшын, орыс, урду, түрік және неміс тілдерін үйретеді.

Өзбекстанның "Ар-ұждан еркіндігі мен діни ұйымдар құру еркіндігі жөніндегі" заңға сәйкес, "азаматтарға қоғамдық орындарда өзге мәдени культты насихаттайтын киім киюге тыйым салынады".

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары