$ 446.49  475.38  4.79

Резеңке доп секілді «қытайлық жұмыртқалардың» қалай пайда болғаны анықталды (ВИДЕО)

«Ыстықкөл құс фабрикасы» ЖШС директоры Сталбек Мәмбеталиев Мемлекеттік ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік инспекциясының мамандарына «резеңке» жұмыртқалар қалай пайда болатынын көрсетті, деп хабарлады Sputniknews.

«Қатты тоңазытылған жұмыртқалар пісіргеннен кейін осылай без секілді болып қалады. Тауық жұмыртқасын қолдан жасау мүмкін емес», - деді құс фабрикасының директоры.

Мәмбеталиев мамандардың көз алдында бірнеше жұмыртқаны пісіріп, аршып көрсетті, олардың арасында бұрын мұздатқышқа қойылғандары да болды. Осылайша ол қытайлық жасанды жұмыртқа туралы мәлімдеген Ош тұрғынының сөзін жоққа шығарып отыр.

Бұған дейін қытайлық пластикалық жұмыртқа Қазақстанға да жеткені жайлы видео тараған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары