$ 447.4  477.55  4.76

Түркістан облысында жатақхана өртеніп кетті

Түркістан облысында геологиялық барлау қызметімен айналысатын кәсіпорын аумағында жұмысшылардың жатақханасы өртеніп кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

«23 ақпан күні сағат 20.43-те Дағдарысты жағдайларды басқару орталығына Түркістан облысының Созақ ауданында сағат 05.15-те «Волков Геология» АҚ аумағында сэндвич панельден тұрғызылған жатақхананың өртенгені туралы хабарлама түсті. Жалын шарпыған аумақ 1420 шаршы метрді құрады. Өртке қарсы қызмет шақырылған жоқ. Тілсіз жау «Құтқарушы Тау-кен» АҚ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің күшімен (15 адам, 2 техника) сағат 08.00-де сөндірілді», - деп мәлім етті ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет.

Ресми өкілдің айтуынша, жатақханада 45 адам тұрып жатқан. Өрттен кейін олар 20 шақырым жердегі Тайқоңыр ауылындағы жатақханаға орналастырылды.

«Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп нақтылады ТЖК өкілі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары