$ 448.15  483.46  4.86

Алматы облысында таңғы уақытта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 14 наурыз күні 07 сағат 34 минут 36 секундта Алматы облысының аумағында жер сілкінісін тіркеді деп жазады ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 323 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында жатыр.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 8,5. MPV магнитудасы - 3,6. Тереңдігі - 30 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары