$ 448.89  477.93  4.76

Эротикалық іш киіммен жарнамалық роликке түскен Әсел Асқар жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

Эстрада әншісі Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар тағы да жартылай жалаңаш желі қолданушыларының ашуына тиді. Бұл жолы ол эротикалық іш киімдерді жарнамалаған ролигін Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына бөлісті. 

Әсел Асқар жартылай жалаңаш киінгенімен қоймай, кадр сыртында «Мен кез келген ер адаммен жақындаспаймын. Өмірлік махаббатымды таппадым» деген сыңайда лирикалық өлең оқиды. 

Желі қолданушылары Бүркітке ескерту жасап, қарындасының тәрбиесіне зер салуды тапсырды. 

«Тым шектен шықты. Кеудесінің ұшы да көрініп тұр», «Ұлың өсіп келе жатыр. Ең болмаса содан ұялсаңшы», «Тамағы тоқтық, қайғысы жоқтық аздырар адам баласын» деген екен», «Масқара. Бүркіт, мына қарындасына қарасаңшы!», – деп жазды олар.    

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары