$ 448.56  478.03  4.79

Қостанайда күн –20 градусқа дейін төмендеді

Қостанайда қарлы боран соқты. Желдің күштілігі сонша, сауда лашығы мен автобус аялдамасын төңкеріп тастады деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазір еліміздің солтүстік өңірлері күшті циклонның құрсауында тұр. Бүгін, 21 қазанда ғана Қостанай облысында аяз болып, температура –20 градусқа дейін төмендеген.

Синоптиктер Қостанайда ауа райының әзірге оңайлмайтынын айтып отыр. Аптаның аяғына қарай -10 градус болады деп күтілуде.

Сондай-ақ, Астанаға қарай күшті жел бет алған. Соған байланысты, 22 қазанда Ақмола облысы аумағында дауыл болатыны ескертіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары